Биылғы жылдың күзінде Қазақстанның бас қаласында еліміздің адами капиталын дамыту мәселелеріне арналған «Human Capital Summit&Expo 2022» І халықаралық жиын өтеді.  Іс-шара ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен және қатысуымен өткізіледі. Серіктес ретінде ManpowerGroup Kazakhstan және Қазақстан-Британ техникалық университеті қатысады.

Саммиттің іскери бағдарламасы мемлекеттің адами капиталды дамыту саласындағы саясатынан бастап кадрларды оқыту, даярлау, қайта даярлау, корпоративтік мәдениет құру сынды практикалық аспектілерге дейін кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

Іс-шараны өткізудің гибридтік форматы ешбір географиялық шектеу жасамай спикерлер мен қатысушыларды шақыруды мүмкін етеді.  Саммиттің спикері ретінде HR-сарапшылар, ғаламдық рекрутингілік агенттіктердің жетекшілері, кадрлік саясатпен айналысатын қазақстандық компаниялардың ТОП-менеджерлері, топ қалыптастыру, ішкі коммуникацияларды құру жөніндегі кеңесшілер мен жаттықтырушылар, сондай-ақ HR үшін технологиялық шешімдерді ұсынатын IT-компаниялардың өкілдері қатысады.

Саммит бағдарламасының негізгі бағыттарын келесі тақырыптар құрайды:

- Еңбекке жарамды халықты қолдау мен дамытудағы мемлекет саясаты және ірі компаниялардың стратегиялары;

- Ел ішінде және одан тыс жерлерде сұраныс бар мамандарды оқытуға арналған кәсіби база құру;

- Talent Acquisition: Дарынды мамандарды қалай тауып, қалай тұрақтата білу керек;

- Graduate Candidate – жас мамандарды даярлау мен жұмысқа орналастыруда ЖОО мен Компаниялардың ынтымақтасуы;

- Еңбек жанжалы. Елемеу керек пе, әлде шешу ме? Қайсысы дұрыс?

- 45+ жастағы үміткерлер;  

- HR кәсіпқойларға көмекке жаңа және тиімді HR құралдар.

- PR, GR, маркетинг HR-ға көмек бола ма?

Осы және басқа көптеген сұрақтар Саммитте өз шешімін табады. Ал талқылаудың көп түрлі форматтары – жабық сессиялардан, кейстер сахнасына дейін -  жоспарланған іс-шараны барлық қатысушылар үшін барынша пайдалы етуге үлес қосады. Бұған қоса, «Human Capital Summit&Expo 2022» тек HR мамандар үшін ғана емес, бүгінгі кадрлар – кез келген бизнестің негізгі капиталы және жеке компанияның да, бүкіл мемлекеттің де бәсекеге қабілеттілігінің кепілі екендігін сезінетін барлық кәсіпқойлар үшін нағыз нетворкинг алаңына айналады.

www.hcse.asia