ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясы мен ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы «Казмортрансфлоттың» бірлескен бағдарламасы Қазақстанның сауда флотына білікті мамандарды даярлауға арналған төрт жылдық оқытуды ұсынады.

 

Бағдарлама қатысушыларына ұсынылатын мүмкіндіктер:

Грант: Білім беру шығындарын жабуға арналған қаржылық қолдау.

Стипендия және тұру: Алматы қаласында BI Group компаниясы есебінен ай сайынғы стипендия және жайлы жатақхана (қаладан тысқары келген студенттер үшін).

Теңіз мансабының бастауы: Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін Казмортрансфлот кемелерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

 

Іріктеу кезеңдері:

Өтінімдерді қабылдау: Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 18 мамырына дейін жалғасады.

Тестілеу: 2025 жылдың 19-23 мамыры аралығында барлық үміткерлер физика және математика пәндерінен тест тапсырып, теңіз саласына деген қызығушылығы мен мақсаттарын сипаттайтын мотивациялық хат жазады.

Сұхбат: 2025 жылдың шілде айында үміткерлер жеке қасиеттері мен кәсіби ұмтылыстарын бағалау үшін сұхбаттан өтеді.

Келісімшартқа қол қою: 2025 жылдың тамыз айында үміткер КТА мен КМТФ арасында грант, стипендия, тұру және кейіннен жұмысқа орналасу шарттарын көздейтін үшжақты келісімге қол қояды.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Физика және математика пәндері бойынша ҰБТ-дан сәтті өту.

Барлық оқу ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес білу.

Теңіз қызметі жағдайында оқуға және командада жұмыс істеуге физикалық дайындық.