Жасампаз жандардың 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері / Кови Стивен Р. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 352б. - ISBN 978-601-7943-27-1
«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісің өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға оқитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды. Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғыл шаруаның қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайіын көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру үшін өзімді қалай жетілдіремін? Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі - төрткүл дүниені түгел мойындатқан «...7 дағды».