2019 жылдың 18 наурызы күні Қазақстан-Британ техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл», «Ұлы Дала елі» идеяларын жүзеге асыру мақсатында студенттер арасында «Рухани жаңғыру: сөз - өнер» атты Интеллектуалдық жобалар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
- білім беру жүйесінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл»: «Ұлы Дала Елі» және «Рухани жаңғыру» идеяларын жүзеге асыру;
- «Жастар жылында» студенттер арасында инновациялық серпіліс жасауға мүмкіндік тудыру;
- студенттердің мемлекетшілідік рухы мен елжандылық қасиеттерін нығайту;
- болашақ ұлттық мамандардың бәсекеге қабілеттіліктерін жетілдіру, интеллектуалдық әлеуетін арттыру.
Байқау 2019 жылдың көктемгі семестрінен бастап енгізілген жаңа курстың: «Кәсіби қазақ тілі. Рухани жаңғыру; сөз – өнер» пәнінің аясында өткізілді. Байқау «Ұлы Даланың жеті қыры», «Түркі өркениеті», «Қазақ мәдениеті» және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыптарында орындалған жобалар сайысы түрінде ұйымдастырылды. Аталған номинациялар бойынша 9 топ өз жобаларын ұсынды.
Байқау шарттары бойынша әр топ өзі таңдаған тақырып бойынша Интелелектуалдық жобаның ауызша тұсаукесерін жасауы, Инфографикалық кесте мен сол кестедегі зерттеу бағыттарына қатысты слайдтар және 30 тірек сөздің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі глоссарийін әзірлеуі талап етілді.
Жобалар байқауына Әділқазылар алқасының төрайымы - Назарбаев Университеті «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Сайынқызы Құрманбай; Пән-Бастау факульетінің деканы Әсел Кеңесқызы Джумасейтова; тарих секторының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Арман Қабдешұлы Жұмәділов; Халықаралық Ақпараттық технологиялар универсиетінің сениор-лекторы, магистр - Жанар Смағұлқызы Маңғышева; қазақ және орыс тілдері секторының меңгерушісі Гүлжан Көшенқызы Өтебаева төрелік етті.
Интеллектуалдық байқауға қатысушылар өздерінің ғылыми әлеуетінің биіктігін, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін жетік меңгергендігін, топта жұмыс жасау дағдыларына төселгендігін танытты.
Әділқазылар алқасының шешімімен:
«Ұлы Даланың жеті қыры» номинациясы бойынша Ақжолтаева Еркежанның;
«Түркі өркениеті» номинациясы бойынша Сәбит Раянның;
«Қазақ мәдениеті» номинациясы бойынша Доснияз Әсемнің;
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» номинациясы бойынша Әлкенова Гүлімнің жетекшілік еткен топтары үздік атанды.
Байқау жеңімпаздарына және кешті жүргізген Иса Аян мен Нұрланқызы Алуаға Мақтау қағазы, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.
Байқау соңында «Кәсіби қазақ тілі. Рухани жаңғыру» пәнінің оқытушысы, ассоциативтік профессор, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Дәулетбекова қорытынды сөз сөйлеп, студенттер мен Әділқазылар алқасына алғысын білдірді. Осы шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университеттің, Пән-бастау факультетінің басшыларына рахмет айтты.
Байқаудан «Рухани жаңғыру» идеясының мән-мазмұнына қаныққан, сайыстан рух алған студенттер қанаттанып тарады.
ҚБТУ студенттері арасында «Рухани жаңғыру: сөз - өнер» интеллектуалдық жобалар байқауы өтті
