Halyk Cyber Games Қазақстандағы киберспорт мәдениетін дамытуға, талантты ойыншыларға жаңа мүмкіндік беруге және жаңа буынның кәсіби киберспортқа қадам басуына жағдай жасауға бағытталған.
Жобаның әлеуметтік бағыты – жастардың киберспортқа қызығушылығын қолдау, олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беру және киберспортты баршаға қолжетімді орта ретінде қалыптастыру.
Турнир Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша үш форматта өтеді:
5x5, Media 5x5 және жаңа 2x2 форматы.
Жалпы жүлде қоры – 10 000 000 теңге.
Тіркелу 4–19 тамыз аралығында өтеді. Қатысу тегін.
LAN-финал 12 қыркүйекте Алматы қаласында, «Forum» ОСО «Event Space» алаңында өтеді.
Финал күні көрермендер үшін мини-турнирлер, ұтыс ойындары және серіктестерден арнайы сыйлықтар ұйымдастырылады.
Іс-шара Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Қор он жылдан бері Қазақстанда білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.
Halyk Cyber Games Media & Cup турнирінің өткізілуі мемлекеттік, инфрақұрылымдық және коммерциялық жобаларға арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу саласында маманданған National Digital Syndicate компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болды.
Бас демеушi: National Digital Syndicate компаниясы
Бас ұйымдастырушы: Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры
Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының - қолдауымен
Серіктестер: NNEF қоғамдық қоры, NESA және Logitech G.
Halyk Cyber Games – Киберспорт осы сәттен басталады!