Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері 2026 жылдың 24–27 маусым аралығында Түркияның Бандырма қаласында өткен EEPES (International Conference on Electronics, Engineering Physics and Earth Science) халықаралық ғылыми конференциясының жұмысына қатысты.
Конференция түрлі елдердің зерттеушілері мен сарапшыларын ғылыми жетістіктермен алмасу және инженерлік физика, электроника, жасанды интеллект пен Жер туралы ғылымдар саласындағы өзекті үрдістерді талқылау үшін біріктірді. Іс-шараны CIEES қауымдастығы мен Бандырма Онъеди Эйлюль университеті (Bandırma Onyedi Eylül University) ұйымдастырды, ал конференция материалдары халықаралық Scopus базасында индекстеледі.
Конференция аясында ҚБТУ ғалымдары ауызша баяндама форматында үш ғылыми баяндама ұсынды:
— «Comparative study of regression models using machine learning to predict real stock prices» — электронды биржалардағы акциялардың нақты бағасын болжау үшін машиналық оқытудың регрессиялық модельдерін салыстырмалы талдау;
— «Analysis of Multimodal Heterogeneous Graph Transformers for Reconstructing Social Network Structures Based on Open-Source Data»;
— «Research on Vulnerability Detection Methods in SQL and NoSQL Systems Using Machine Learning and Large Language Models».
— «Performance Evaluation of WPA2 and WPA3 Security Protocols in Private Wi-Fi 6 Environments».
Баяндамалар барысында зерттеудің ғылыми тәсілдері, әдіснамасы және нәтижелері ұсынылды.
Конференция қорытындысы бойынша «Comparative study of regression models using machine learning to predict real stock prices» баяндамасы өз секциясындағы үздік баяндама ретінде беделді «Best Paper Award» марапатына ие болды. Бұл марапат жүргізілген зерттеудің жоғары ғылыми деңгейінің және ҚБТУ ғалымдарының машиналық оқыту әдістері мен қолданбалы деректерді талдауды дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болды.
Конференцияға қатысу халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға, академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және шетелдік серіктестермен бірлескен зерттеулерді дамытуға ықпал етті.
- Университет туралы
- Біз туралы
- Ректор алғысөзі
- Тарихы
- Пайым, миссия және стратегия
- Ректордың есеп беру кездесулері
- Әкімшілік
- Басқарма құрылымы
- Лицензиялар
- Ғылыми кеңес
- Академиялық адалдық лигасы
- Консультативтік кеңес
- ҚБТУ-дағы ESG қағидаттары
- ҚБТУ ESG-құзыреттер орталығы
- Корпоративтік басқару
- ҚБТУ-дағы инклюзия және тең мүмкіндіктер
- SDG Center at KBTU
- Оқу-әдістемелік кеңес
- Студенттерге
- Мектептер
- Халықаралық ынтымақтастық
- Ғылым
- ҚБТУ Корпоративтік білім беру академиясы
- Alumni KBTU