ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясы кадеттерге арналған қауіпсіздік бойынша практикалық тренингтерді «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан оқу-жаттығу кешенінде өткізді.
Сабақ барысында кадеттер өртке қарсы дайындық элементтерін, авариялық жағдайлардағы іс-қимылдарды пысықтап, сондай-ақ Теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахта атқару туралы халықаралық конвенцияның (ПДНВ/STCW) талаптарына сәйкес бассейнде практикалық жаттығулардан өтті.
Мұндай жаттығулар болашақ теңізшілерге теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету дағдыларын дамытуға және алған тәжірибесін жүзу практикасы кезінде, сондай-ақ халықаралық флот кемелеріндегі болашақ кәсіби қызметінде сенімді қолдануға мүмкіндік береді.
ҚБТУ «Морской персонал и консалтинг» ЖШС-не және компанияның бас директоры Ғабиден Жанабайұлы Тұрашевқа көрсеткен қолдауы және өрт сөндіру костюмдері, тыныс алу аппараттары мен басқа да арнайы оқу жабдықтарын өтеусіз бергені үшін шынайы алғыс білдіреді.
ҚБТУ тәжірибеге бағытталған білім беруге ерекше көңіл бөледі. Студенттер мен кадеттер үшін нақты кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және теңіз саласындағы жұмысқа дайындалуға бағытталған практикалық сабақтар мен кәсіби тренингтер тұрақты түрде ұйымдастырылады.

{spoiler=Кеңес алу}

 

 

{/spoilers}