23 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің делегациясы Қытайға жасаған сапары аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Сапар барысында Sanda University басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлығы, Huawei зертханалық базасы бойынша бірлескен жұмыс, сондай-ақ курстар мен білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар Өзара түсіністік туралы меморандумға (Memorandum of Understanding, MoU) қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сонымен қатар KBTU делегациясы жасанды интеллект, цифрлық платформалар және инновациялық индустриялық шешімдер саласында маманданған Қытайдың жетекші технологиялық компаниясы — Wuchuang Group-қа барды. Компания қызметімен танысу аясында делегация Exhibition Hall көрме залын аралады.
Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ AI-білім беру, қолданбалы ИИ шешімдері мен цифрлық инновациялар бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесулер ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға деген өзара қызығушылықты растады.