22 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің делегациясы Шанхай Цзяотун университетіне (Shanghai Jiao Tong University) ресми сапармен барды.
Сапар аясында делегация Шанхайдың Қаржы саласындағы алдыңғы қатарлы институтының (Shanghai Advanced Institute of Finance, SAIF) басшылығымен кездесті. Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ КБТУ мен SAIF арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар Шанхай Цзяотун университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар ғылыми-білім беру бағыттары бойынша ақпарат алмасып, академиялық ұтқырлық, кадрларды бірлесіп даярлау және математика, физика мен пәнаралық зерттеулер салаларындағы ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырды.
Өткен кездесулер тараптардың ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.