Құрметті білім алушылар!
Мемлекеттік білім беру грантының бос орындарына конкурс жарияланады.
Ақылы негізде білім алып жатқан студенттер ҚБТУ-да белгіленген тәртіпке сәйкес конкурстық негізде тиісті білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ауысуға құқылы.
Оқу процесі барысында босаған мемлекеттік білім беру грантының орнына келесі санаттағы білім алушылар үміткер бола алады:
• ақылы негізде білім алушылар;
• ҚБТУ-дың ішкі гранты бойынша білім алушылар.
Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша орташа үлгерім балы – (GPA) негізінде өткізіледі және нәтижесінде куәлік беріледі.
Бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы барысында GPA көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, басым құқыққа бүкіл оқу кезеңінде тек «A», «A-» («өте жақсы») бағалары бар білім алушылар ие болады. Одан кейін «A», «A-» мен «B+», «B», «B-» және «C+» («жақсы») бағалары бар білім алушылар қарастырылады.
Жоғары білім алу процесінде босаған мемлекеттік білім беру гранттары жазғы және қысқы демалыс кезеңдерінде қолда бар бос орындарға конкурстық негізде келесі тәртіппен тағайындалады:
Ақылы негізде білім алушылар мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру туралы өтінішті Ректордың атына
Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:
• бүкіл оқу кезеңіне арналған ресми транскрипт (сканерленген нұсқасы);
• жеке куәліктің көшірмесі.
