{spoiler=Интеграцияланған менеджмент жүйесі}

Университет үшін халықаралық менеджмент стандарттарын енгізу қызметтің тиімділік көрсеткіштерін арттыруға ықпал ететін және тұрақты даму бастамаларын жүзеге асыруға берік негіз қалыптастыратын стратегиялық шешім болып табылады.

ҚБТУ-да келесі халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі сәтті сертификатталған:

  • ISO 9001
  • ISO 45001
  • ISO 14001

2026 жылғы ақпанда Университетіміз ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ISO/IEC 27001:2022 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігін сәтті растады.

{/spoilers}

{spoiler=Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл}

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын берік ұстана отырып, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермейді.

Біз сыбайлас жемқорлықтың бизнестің тұрақты дамуына, іскерлік беделге және серіктестеріміздің сеніміне елеулі қауіп төндіретінін толық түсінеміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат келесі міндеттемелерге негізделеді:

  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтау
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын жою
  • Қызметкерлер мен серіктестер арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру
  • Адалдық пен заң талаптарын сақтауға негізделген контрагенттермен ашық ынтымақтастық
  • Осы саладағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерге сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін жетілдіру

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау

Құпиялылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық жағдайларына жедел әрекет ету мақсатында кез келген күдікті фактілер туралы сенім телефоны арқылы хабарлау мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық өтініштер құпиялылық пен заңдылық қағидаттарын сақтай отырып әділ қаралатынына кепілдік береміз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіруге қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар бойынша сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз:

Электрондық пошта:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Телефон:
+7 (727) 357 42 47, ішкі 121

WhatsApp:
+7 700 788 77 98

Қосымша құжат:

{/spoilers}

{spoiler=Ақпараттық қауіпсіздік}

Ақпараттық қауіпсіздік инциденті- бұл ҚБТУ желісіне рұқсатсыз кіру әрекеті немесе сәтті жүзеге асқан рұқсатсыз қол жеткізу, ақпараттың жария етілуі, ақпараттық жүйелерді, желілерді немесе деректерді дұрыс пайдаланбау, соның ішінде ұрлық пен бұзу, сондай-ақ қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзуы.

Алаяқтардың арбауына түспеңіз!

Қылмыскерлер мен алаяқтар компьютерлерді бұзуға, құпиясөздерді ұрлауға, пайдаланушыларды құнды ақпаратты жария етуге алдауға бағытталған жаңа схемаларды үздіксіз ойлап табуда. Көбінесе мұндай әрекеттердің мақсаты-ақшаға ие болу. Осыған байланысты алаяқтардың сізге қарсы қандай әдістерді қолдануы мүмкін екенін білу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентін анықтасаңыз немесе инцидент орын алды деп күдіктенсеңіз, дереу ҚБТУ Жедел әрекет ету орталығына хабарлаңыз.
ҚБТУ Жедел әрекет ету орталығының телефон нөмірі: 357 42 12, ішкі нөмір 220
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

{/spoilers}