{spoiler= Доктор Сиддхарт С. (Монту) Саксена  }

Доктор Сиддхарт С. (Монту) Саксена - Кембридж университетінің Кавендиш зертханасының бас ғылыми қызметкері (профессор атағы) және Иса колледжінің доценті; құрметті профессор, ҚБТУ жаңа асқын өткізгіш материалдар зертханасының меңгерушісі.

{/spoilers}

{spoiler= Елена Калюжнова   }

Елена Калюжнова-University of Reading (Ұлыбритания) Еуро-Азиялық зерттеулер орталығының негізін қалаушы және директоры, University of Reading экономикалық департаментінің лекторы. Профессор, экономика ғылымдарының докторы. Лорд Фрейзер Кермилийскийдің Каспий өңірі мәселелері жөніндегі экономикалық кеңесшісі, Британ-Қазақ қоғамының төрағасы, Оксфорд Энергетикалық зерттеулер институтының визиторы.

{/spoilers}

{spoiler= Сармурзина Раушан Гайсиевна   }

Сармурзина Раушан Гайсиевна - химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасы.

{/spoilers}

{spoiler= Серебрянский Сергей Семенович   }

Серебрянский Сергей Семенович - ҚБТУ құрметті профессоры, Құрметті Доктор (2010ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), өнеркәсіптік процестерді логистика және оңтайландыру бөлімшесінің жобаларының ғылыми жетекшісі, Janser компаниялар тобының бас директоры және негізін қалаушы, «IDEA Орталық Азия ынтымақтастық орталығы» еуропалық және халықаралық альянсы қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

{/spoilers}

{spoiler= Джеймс Абди   }

Джеймс Абди статистика саласы бойынша философия докторы (PhD), Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде (LSE) дәрежесін алған, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің статистика кафедрасының доценті, Лондон университетінің Economics, Management, Finance and the Social Sciences (EMFSS) бағдарламаларының академиялық директорының орынбасары.

{/spoilers}