Құрметті Талапкерлер мен Білім алушылар!

        «ҚБТУ» АҚ қызметтерін мынандай әдістермен төлей аласыздар:

1.    Төлемді «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде жүргізуге болады. Төлем кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы және талапкердің/білім алушының аты-жөні, әкесінің аты, ЖСН білу қажет.

Сонымен бірге төлем кезінде міндетті түрде төлемнің мақсатын, не үшін төлем жасайтыныңызды көрсету қажет:
•    оқу ақысы
•    ритейк (retake) ақысы
•    пәндерді қайта есептеу төлемі
•    дайындық курстары ақысы
•    студенттік жарна
•    тіркелу жарнасы
•    жатақхана ақысы
•    мақаланы жариялау және анықтама ақысы
•    кіру картасын қайта жасату ақысы
•    кітапхана қызметінің ақысы
•    баспа орталығының ақысы
•    өсімпұл/айыпақы/айыппұлдар

Реквизиттер
"Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ
БСН: 011140004703
Кбе: 17
ТТК: 861 (Білім беру қызметтері үшін төлемдер)

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ЖСК: KZ806010131000043902 (KZT) –теңгемен төлем үшін,
           KZ266010131000043904 (USD) –АҚШ долларымен төлем үшін
БСК:  HSBKKZKX

2.    Халық банктің Halyk қосымшасы арқылы төлеу:
«Төлемдер»- «Барлық төлемдер»- «Білім»- «Жоғарғы оқу орындары, колледждер» бөліміне кіру қажет, тізімнен "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Төлем мерзімін» толтырып, «Факультет» бағанына Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1 тармағында көрсетілген төлем түрін жазу қажет (өйткені қосымшада басқа жиек қарастырылмаған). Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Студенттің аты-жөнін, курсты, төлем сомасын міндетті түрде толтыру қажет.

 

 

3.    Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу:
«Төлемдер»- «Барлық төлемдер»- «Білім»- «Жоғарғы оқу орындары және колледждер» бөліміне кіру қажет, тізімнен "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Факультет» бағанына Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1 тармағында көрсетілген төлем түрін таңдау қажет. Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Курсты, студенттің аты-жөнін, студенттің ЖСН-ін, соманы міндетті түрде толтыру қажет.

 

 

4.    Банк ЦентрКредиттің BCC қосымшасы арқылы төлеу:
«Төлемдер»- «Жаңа төлемдер»- «Білім»- «Жоғарғы оқу орындары» бөліміне кіру қажет, тізімнен "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ын тауып, төлем түрін таңдау қажет. Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Студенттің ЖСН-ін, факультетті, курсты, соманы міндетті түрде толтыру қажет.


5.    Төлем карточкасы арқылы төлем жасау www.kbtu.kz сайтында, https://epay.kbtu.kz онлайн төлем сервисі арқылы жүргізіледі. Мұнда барлық қажетті жиектерді: студенттің ЖСН-ін, төлем сомасын, аты-жөні, әкесінің атын, телефонын, эл. мекенжайды, төлем мақсатын (яғни төлем түрін) толтырып, VISA және Master Card көмегімен онлайн төлемді жасай аласыз. 

 

{spoiler=Кеңес алу}

 

 

{/spoilers}