
2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылыми кітапханасы «Дата Экспресс» ЖШҚ-мен бірлесіп «МегаПро мектебі» халықаралық ғылыми-практикалық семинарын гибридті форматта өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы кітапханалардан 400-ден астам маман қатысты. Оның ішінде 70-тен астам қатысушы ҚБТУ Ғылыми кітапханасында семинарға офлайн форматта қатысты.
Семинар барысында «МегаПро» автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесінің мүмкіндіктері негізінде кітапханаларды цифрлық трансформациялау, заманауи цифрлық сервистерді дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, цифрлық экожүйелерді қалыптастыру және корпоративтік ақпараттық ресурстарды дамыту мәселелері қарастырылды.
Семинарда «Дата Экспресс» ЖШҚ мамандары, сондай-ақ Алматы, Астана және Қызылорда қалаларындағы университеттік және көпшілік кітапханалардың басшылары мен мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, кітапхана ісіндегі заманауи технологияларды енгізудің тиімді тәжірибелерін таныстырды.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар өзара пікір алмасып, мамандардың кеңестерін алып, кітапханалардың цифрлық даму бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
ҚБТУ Ғылыми кітапханасы «Дата Экспресс» ЖШҚ-на, барлық спикерлер мен қатысушыларға жемісті ынтымақтастық пен тәжірибе алмасқандары үшін алғыс білдіреді. «МегаПро мектебі» семинары Қазақстанның кітапхана қауымдастығы үшін маңызды кәсіби алаңға айналып, заманауи ақпараттық-кітапханалық технологияларды дамытуға елеулі үлес қосты.
Спикерлердің баяндамалары: Доклады спикеров