2025 жылғы 8 қарашада ҚБТУ ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – дәуірлерден жеткен үн» атты кітап және арт-көрмені ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – Абайдың әдеби және философиялық мұрасын заманауи форматта таныстырып, кітап, өнер және цифрлық технологияларды біріктіре отырып, оның идеяларының бүгінгі күндегі маңызын көрсету.
Көрме аясында:
Абай шығармалары мен абайтануға арналған кітаптар көрмесі;
студенттер мен қызметкерлердің Абайға арналған көркем туындылары;
«Ұлттық болмыс» атты AR-аймақ, онда келушілер дәстүрлі қазақ бас киімдерін виртуалды түрде киіп көріп, Абайдың ғибрат сөздерімен таныса алды;
Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына арналған «Мозаика Толық адам» интерактивті аймағы ұсынылды. Қатысушылар ортақ кенепке өз ойларын, сөздерін немесе белгілерін қалдырды.
Көрме университет қауымдастығын біріктіріп, рухани мұраға деген қызығушылықты арттырды және шығармашылық диалог алаңына айналды.
Научная библиотека барлық қатысушыларға және көрмені ұйымдастыруға үлес қосқан жандарға алғыс білдіреді.

