13 қарашада Ғылыми кітапханада “Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл” атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге ұлы ғалымның шығармалары жазылған кітаптар қойылды. Сонымен қатар оқырмандар залында тарих ғылымдарының докторы  Арман Қабдешұлы Жұмаділов студенттерге Әл-Фараби мұралары жайлы дәріс оқыды. Студенттерге ұлы ойшылдың ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат"  туындысын оқуға кеңес берді.