. .

Осыдан үш жарым жыл бұрын, 2017 жылдың 12 сәуірінде Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.

Бұл бағдарлама - Елбасы тарапынан ұсынылған бүкіл елдің сапалы түрде қайта жаңғыруын мақсат еткен идеялық бастау.

Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылыми кітапханасы бекітілген Жұмыс Жоспарына сәйкес, ЖОО-ның жетекші ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі құндылықтары мен басымдықтарын түсіндіру мақсатында 2020 жылдың 25-желтоқсанында шара өткізді.

Пән бастау факультетінің «Қазақ және орыс тілдері» секторының ассистент-профессоры Өтебаева Гүлжан Күшенқызымен сұхбат жүргізіліп, әңгіме барысында бағдарламаның басты алғышарттарын айқындап, оларды қалай жүзеге асыруға болатындығы жөнінде әңгіме өрбітілді. Қонағымыз оқу барысында қай оқулықтарды белсенді пайдаланып, студенттердің қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар тізімімен танысуға деген қызығушылығын қалай арттыру жолдарын атап өтті.

Ғылыми кітапхана ұжымы Өтебаева Гүлжан ханымға алғысын білдіре отырып, назарларыңызға сұхбаттың видеонұсқасын ұсынады.