. .

1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындалған Алтын Орда  империясының 750 жылдық тарихы жастарға мұра. Жошының ұлдары Бату хан негізін қалап, Берке хан іргесін бекіткен Алтын Орда Мөңке Темірдің билігі тұсында 1269 жылы Талас өзенінің бойында шақырылған Шыңғыс ұрпақтарының құрылтайында бір-бірімен татулықты сақтай отырып, өз ұлыстарында тәуелсіз саясат жүргізуге өзара мәміле жасасып, өз алдына дербес империя екенін толық мойындатуға қол жеткізді.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологияның қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті.

Көрмеге қойылған кітаптар тізімі:

  1. Душа Казахстана -2001- стр.54-55
  2. История Казахстана. Энциклопедический справочник. -2010-стр.26-27
  3. Сафарғалиев М.Г. Алтын Орданың ыдырауы-2014ж.
  4. Акимбеков С. История степей:феномен государства Чингисхана в истории Евразии -2016
  5. Қазақтар. 9-томдық анықтамалық. том 1. -1998-67 б.
  6. Қазақстан тарихы. Т.2. -1998-77 б.
  7. Казахстаника:энциклопедия казахстанского пути в 6-ти томах. Т. 1:Духовное наследие. В 3-х частях. Часть 1. -2015-стр.20-21