. .

 

«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».

Нұрсұлтан Назарбаев

 

         1991 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін ең  бір маңызды, қуанышқа толы күні болды. Мінеки биыл тәуелсіз ел болғанымызға 29 жыл толып отыр. 29 жыл ішінде қазақ халқының тарихында көптеген жақсы өзгерістер болды. Тәуелсіздік күні ел аумағында әрқашан жоғары деңгейде аталып өтіледі. Қала орталықтарында мәдени, саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, арты от шашумен аяқталады.

Осы мерекеге орай ҚБТУ Ғылыми кітапханасы Пән бастау факультетінің қауымдастырылған профессоры Жұмаділ Арман Қабдешұлымен сұхбат жүргізді, кітап көрмесін ұйымдастырды. Арман Қабдешұлы көптеген тарихи оқиғаларды баяндап берді, сұхбат соңында жас қауым өкілдеріне “Уақытты қадірлеп, кітапты көп оқып, білімді жинандар” деп өсиет етті.