. .

Ана тілі арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! – демекші, тіл тәуелсіз мемлекеттің нышаны. Қазақстан халқы тілдер мерекесі 5 қыркүйек күні тойланады. Негізі елімізде “Тілдер туралы” заң 1989  жылы 22 қыркүйек күні қабылданды. Сол жылы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 22 қыркүйек күнін Қазақстан халқы тілдерінің күні деп жариялады. Уақыт өте бұл мереке 5 қыркүйек күніне ауыстырылды. 5 қыркүйек қазақ әліпбиінің негізін салушы, ағартушы ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлының туылған күні.

            Елімізде бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді, көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бұл мереке барлығына ортақ мереке болып саналады. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін дегендей қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданысын арттырып, өзге ұлт өкілдерінің де қазақ тілін үйренуге жағдайын жасау қажет. Жастардың патриоттық сезімін оятып, өз тілінде таза сөйлеп, онымен қоса өзге тілдерді үйренуге бағыттау қажет.