. .

 

Құрметті студенттер! 

Онлайн-оқытудың енгізілуіне байланысты Ғылыми кітапхана екі форматта қызмет көрсетеді. Кітапхана қорынан берілетін кітаптар, карантин уақытындағы  санитарлық-эпидемиялық қағидаларды сақтай отырып, қалыпты тәртіпте ұсынылады. Кітаптар пакетін студенттер ҚЭЖ (құжаттарды электрондық жеткізу) нысанында алдын-ала өтінім беру арқылы ала алады.

 

Әр студент келесі сілтеме https://www.kbtu.kz/ru/students/library/elektronnaya-dostavka-dokumentov бойынша жеке өтіп, 2020-2021 оқу жылының күзгі семестр пәндері бойынша Профессор-Оқытушылар Құрамымен ұсынылған әдебиеттер тізімін енгізуі қажет. 

Назар аударыңыз! Өтінім бермес бұрын деканаттың қатысуымен пәндер бойынша қажетті оқу материалдар жиынтығын қалыптастырып алыңыз 

Факультеттерді барлық курс студенттерін 2020-2021 оқу жылының күзгі семестр пәндеріне қажетті әдебиеттер тізімімен қамтамасыз етулерін өтінеміз