. .

 

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
            Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран- мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер
           «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
          

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.

Бұл маңызды ұлттық символдар қоғамды топтастырып, бірлігіне әсер етіп, ұрпақ сабақтастығын сақтауға және бізді Отан үшін жаңа талпыныстарға шабыттандырады.

Қазақстандықтарды осы маңызды мереклерімен құттықтаймыз!