Қазақ елінің мақтанышы, маңдайына біткен жарық жұлдызы Абай атамыздың туылғанына биыл 175 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай елімізде Instagram әлеуметтік желісінде 9 жасар Ләйлім Шырақ қызымыздан бастау алып, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевжолданған #Abai175 эстафетасына Қазақстан-Британ Техникалық университетінің Ғылыми кітапханасының қызметкерлері де өз үлесін қоспақ ниетінде жасалынған осы бір азын-аулақ дүниемізді қабыл алыңыздар.

Кітапхана - мәртебесі биік, қасиетті, білімге, ғылымға, өсиетке толы орта. Сол себепті болар, кітапхана қызметкерлері ізденімпаз келеді. Ендігі кезекте осы #Abai175 эстафетасын Қазақстан-Британ Техникалық университетінің өзге де құрылымдық бөлімдеріне жолдаймыз!