- Зерттеу жобаларын коммерциаландыру және оларды өндіріске енгізу үшін 2014 жылдан бастап университетте технологияларды коммерциаландыру жөніндегі кеңсе қызмет етеді. 2017 жылдың қыркүйегінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі болып атауы ауыстырылды.
- Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру кеңсесінің негізгі міндеттері:
- «идеядан сатуға дейін» моделіне негізделген ғылыми-техникалық жобаларды коммерциаландыру стратегиясын әзірлеу;
- ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үдерістерін іздестіру, бағалау және ұйымдастыру, нарыққа оңтайлы жолды анықтауға жәрдемдесу: ұйымдағы бизнес-жобаларды, стартап-компанияларды немесе лицензияларды сату;
- ғылыми-техникалық процестерді әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптамалық, әкімшілік, құқықтық, экономикалық, маркетингтік сүйемелдеу;
- зияткерлік меншік құқықтарын және зерттеушілердің авторлық құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- ҚБТУ қызметкерлерін және басқа мүдделі тұлғаларды технологияларды коммерциаландыру әдістерімен, құралдарымен және бағыттарымен таныстыру үшін ғылыми семинарлар өткізу;
- әлеуетті іскерлік серіктестер, инвесторлар, бизнес-періштелер іздестіру, анықтау және қарым-қатынас орнату мен стартап және басқа компанияларды құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттамаларын (сертификаттар, лицензиялар, техникалық шарттар, стандарттар және т.б.)алуға көмек көрсету;
- коммерцияландыру мәселелері бойынша халықаралық серіктестік байланыстарын дамыту;
- бизнес-жоспарларға, техникалық ерекшеліктерге, жобаларға, жобалау-технологиялық құжаттамаларға, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
- коммерциаландыру үшін келешегі бар жобаларды іздестіру және у инновациялық жобалардың, келешегі бар ғылыми әзірленімдердің коммерциялық әлеуетін бағалауды жүргізу.