. .

Құрметті студенттер!

Университетте психологиялық кабинет жұмыс істейді.

Сіз қиын мәселелерді және өмірлік қиын жағдайларды шешуде, жеке тұлғаның өсуіне, дамуы мен өзін-өзі тануында психологиялық көмек пен қолдау ала аласыз

149-кабинетіне хабарласыңыз

График Teams-те көрсетілген.

Тел. 8-777-2281126

Гүлмира

(сіз ҚБТУ студенті екеніңізді айтыңыз)

Келіңіздер, бірге біз сіздің жасырын мүмкіндіктеріңізге жол табамыз!

 

Миссия- жеке тұлғаның табысты дамуына, оның бірегей қабілеттерін ашуға және оларды іске асыруға ықпал ету; адамның өзін және басқаларды жақсы түсінуіне, өзімен және басқа адамдармен үйлесімді, саналы қарым-қатынас қалыптастыруға ықпал ету.

Егер сіз өзіңіздің уайымыңызбен күресе алмасаңыз немесе өмір сапасын жақсартқыңыз келсе, саналы болғыңыз келсе, психолог маман Сізге көмектесе алады. Егер сіз қолдауды қажет етсеңіз және сыртқы әлемде жауап таба алмасаңыз, маманға хабарласыңыз.

 

Психологиялық жұмыс жеке кеңес беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақтығы: 50 минут.


Онлайн режимін таңдағанда, өзіңізге ыңғайлы орынды табыңыз, онда сізді 50 минут бойы ешкім мазаламайтын болсын. Сондай-ақ, гаджеттер арқылы байланысқан жағдайда, зарядтың толық екендігіне көз жеткізіңіз.

Депрессия кезінде жағдай жақсарғанға дейін апта сайын психологқа бару ұсынылады.

 

Төмендегі сілтеме арқылы онлайн кездесуге жазыла аласыз: