2026 жылғы 21 ақпанда Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде (ҚБТУ) Орталық Азиядағы видеоигрлерді зерттеуге арналған алғашқы ғылыми конференция – DiGRA Central Asia Conference өтеді.
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген зерттеушілер мен ойын әзірлеушілер қатысады. Іс-шара бағдарламасы видеоигрлерді мәдени, технологиялық және білім беру феномені ретінде қарастыратын академиялық және практикалық көзқарастарды тоғыстырады.
Конференция бағдарламасы үш тақырыптық секциядан тұрады:
– «Геймификация және білім беру»,
– «Ойын әзірлеу, технологиялар және ойыншы мінез-құлқын талдау»,
– «Ойын дизайнындағы жасанды интеллект және этика».
Сонымен қатар, конференция аясында әзірлеушілер өздерінің видеоигілерін, оның ішінде білім беру және ағартушылық жобаларды, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге арнайы әзірленген ойындарды ұсынады.
Конференция видеоигрлерді зерттеушілердің әлемдегі ең ірі жаһандық қауымдастығы – DiGRA (Digital Games Research Association)-ның Орталық Азиядағы бөлімшесі тарапынан ұйымдастырылып отыр. DiGRA Central Asia бөлімшесі 2025 жылғы сәуір айында құрылған. Құрылтайшылары қатарында КБТУ жанындағы видеоигрлерді әзірлеу және зерттеу зертханасы GameLab KBTU, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің аралас шындық зертханасы, Бішкектегі Portal College ойын әзірлеу және интерактивті медиа колледжі, сондай-ақ Қырғызстан мен Қазақстаннан тәуелсіз зерттеушілер бар.
Конференцияның толық бағдарламасы, тіркелу тәртібі және қатысушыларға арналған ақпарат ресми сайтта қолжетімді: digraca.org.
Конференцияға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет