2026 жылдың 12-13 ақпанында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Жоғары білім және ғылым: Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» атты кеңейтілген алқа отырысы өтті. Шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Кеңейтілген алқа отырысында ҚБТУ-дың Басқарма төрағасы Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы «Үздік ғалым» марапатына ие болды. Бұл марапат тек университетіміздің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар еліміздің білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесіміздің, ғылым мен білім саласындағы қажырлы еңбегіміздің айқын дәлелі.
Сонымен бірге, Диана Қайратовна мен Асан Рамазанұлы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен марапатталды. Ал жас ғалым Белянкова Елизаветаға тұрғын үй табысталды.
Иеленген марапаттар университет қызметінің жоғары нәтижелерін көрсетеді. Ұлттық білім беру саласының дамуына қосып отырған ҚБТУ-дың нақты қадамдарын дәлелдейді.
Барлық қолдау көрсеткен серіктестерімізге, студенттеріміз бен түлектерімізге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Аталған марапаттар қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі болумен қатар, болашаққа деген сеніміміз бен мақсатқа ұмтылысымызды айғақтайды. Алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне үлес қосып, білім мен ғылым саласында жаңа белестерді бағындыру үшін жүйелі жұмысты жалғастырамыз.