Бағдарламалар
{spoiler=8D07108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша) }
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 3 жыл
Академиялық дәрежесі - 8D07108 «Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша PhD
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизиттер
Қатты дене физикасы
Жартылай өткізгіштер физикасы
Мақсаты мен міндеттері:
Білім беру бағдарламасының мақсаты - техника мен технологияны инновациялық дамыту және техникалық мамандықтарды оқыту әдістемесі, кәсіби және жалпы мәдени құзыреттіліктері бойынша берік білімі бар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіндегі іргелі, қолданбалы және инновациялық міндеттерді шешу үшін, наноматериалдар мен нанотехнологиялар саласындағы түрлі проблемаларды шешу үшін, ғылыми кадрларды даярлау үшін қазіргі заманғы білімді пайдалануға қабілетті қазіргі заманғы форматтағы жоғары білікті мамандарды даярлау, олар өз саласында даму үшін бөлек бағыттар құра алады; жеке де, командада да жұмыс істей алады.
{/spoilers}
{spoiler=8D07109 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» }
Мамандығы бойынша оқу мерзімі - 3 жыл
Академиялық дәрежесі - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша PhD
Оқыту тілі – ағылшын
Пререквизиттер
Материалтануға кіріспе
Физикалық химия
Мақсаты мен міндеттері:
Техникалық ғылымдар саласында іргелі білімі және техникалық пәндерді оқыту әдістемесі бар, сондай-ақ өз саласында ғылыми-зерттеу жұмысын жеке дамытуға қабілетті заманауи мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау.
{/spoilers}
{spoiler=8D07204 – Металлургиялық инженерия}
Оқу мерзімі – 3 жыл
Академиялық дәрежесі – Металлургиялық инженерия мамандығы бойынша PhD
Оқыту тілі – ағылшын тілі
Пререквизит:
Металлургиялық процестер теориясы
Мақсаты мен міндеттері:
«8D07204 – Металлургиялық инженерия» докторантурасының білім беру бағдарламасы металлургия саласының әртүрлі бағыттарында ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық, жобалау-талдамалық және жобалау-технологиялық кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама металлургиялық өндірістің әртүрлі салаларындағы технологиялық процестерді талдау мен іске асыруды, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану және жобалауды қамтиды.


{/spoilers}