Бағдарламалар
{spoiler=B04101 Менеджмент - ACBSP агенттігімен аккредиттелген}
В044 Менеджмент және басқару Гранттар саны 309
Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 115
Ақылы негізде шекті балл: 50
Гранттар саны: 309
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
«Менеджмент» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы (ары қарай ББ) еңбек нарығы, менеджменттің дамуындағы трендтер, ACBSP халықаралық аккредитация талаптарын есепке ала отырып және Білім берудің Мемлекеттік Білім беру Стандартына сәйкес ҚБТУ-де әзірленген және бекітілген құжаттар жүйесі болып табылады.
Бағдарлама білім беру процесін жүзеге асыру үшін мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, мазмұнды, жағдайларды және технологияларды реттейді және қамтиды.
Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға 5В050700 - «Менеджмент» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
• Адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері
• Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер
• Консультант
• Жобаларды басқару департаментінің менеджері
•Тұтынушылармен жұмыс жасаушы менеджер
• Стратегиялық жоспарлау департаментінің менеджері
• Адам ресурстары бойынша менеджер
• Талант басқару бойынша менеджер
• Конфликт-менеджер
• Жоба менеджері
• Жоспарлау бойынша маман
• HR аналитик
• Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер
• Клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман
• Инновация жөніндегі менеджер
• Бизнес-кеңесші
• Сапа менеджменті жүйесінің менеджері
Оқытылатын пәндердің тізімі:
|
Менеджмент негіздері |
|
Бухгалтерлік есеп негіздері |
|
Микроэкономика |
|
Маркетинг негіздері |
|
Бизнес Коммуникациясы |
|
Бизнестегі зерттеу әдістері (Excel) |
|
Кәсіпкерлік |
|
Адам ресурстарын басқару |
|
Бәсекеге қабілеттілік экономикасы |
|
Бизнес-жоспарлау және консалтинг |
|
Персоналды стратегиялық басқарудағы заманауи мәселелер мен қиындықтар |
Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.
{/spoilers}
{spoiler=6B04109 Бизнес және менеджмент (Лондон университетімен қос диплом бағдарламасы) }

Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 115
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Бағдарлама КБТУ мен Лондон университеті арасындағы ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.
Студенттер Лондон экономика мектебінің (LSE) академиялық жетекшілігімен оқиды және Лондон университетінің дипломын алады. Бұл дегеніміз, біздің студенттер әлемдегі әлеуметтік ғылымдар саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналатын және Лондон университетінің құрамына кіретін Лондон экономика мектебі әзірлеген оқу бағдарламалары бойынша білім алады.
Сәйкесінше, ХШЭ (Халықаралық әлеуметтік-экономикалық) мектебінің барлық студенттері КБТУ-дың ішкі емтихандарымен қатар, Лондон университетінің сыртқы халықаралық емтихандарын да тапсырады.
Мақсаты
Бағдарламаның мақсаты халықаралық және қазақстандық ұйымдарда табысты мансап үшін бизнес пәндерінің кең спектрінің білімі мен дағдыларын қамтамасыз ететін озық әлемдік тәжірибеге сәйкес бизнес және басқару саласында кадрлар даярлау болып табылады.
UoL/LSE бағдарламасы бойынша курстар тізімі
|
№ |
Пән атауы |
|
1 |
Микроэкономикаға кіріспе |
|
2 |
Статистикаға кіріспе 1 |
|
3 |
Есептеуге кіріспе 1 |
|
4 |
Макроэкономикаға кіріспе |
|
5 |
Статистикаға кіріспе 2 |
|
6 |
Есептеуге кіріспе 2 |
|
7 |
Экономика негіздері: микроэкономика теориясы |
|
8 |
Статистика 1 |
|
9 |
Математика 1 |
|
10 |
Жаһандық контекстегі бизнес және менеджмент 1 |
|
11 |
Бухгалтерлік есеп принциптері 1 |
|
12 |
Экономика негіздері: макроэкономика теориясы |
|
13 |
Жаһандық контекстегі бизнес және менеджмент 2 |
|
14 |
Бухгалтерлік есеп принциптері 2 |
|
15 |
Ақпараттық жүйелерді басқару 1 |
|
16 |
Адам ресурстарын басқару 1 |
|
17 |
Корпоративтік қаржы принциптері 1 |
|
18 |
Активтерге баға белгілеу және қаржы нарықтары 1 |
|
19 |
Негізгі басқару тұжырымдамалары 1 |
|
20 |
Ақпараттық жүйелерді басқару 2 |
|
21 |
Адам ресурстарын басқару 2 |
|
22 |
Корпоративтік қаржы принциптері 2 |
|
23 |
Активтерге баға белгілеу және қаржы нарықтары 2 |
|
24 |
Негізгі басқару тұжырымдамалары 2 |
|
25 |
Маркетингті басқару 1 |
|
26 |
Бизнес-жоспарлау және консалтинг |
|
27 |
Нарықты зерттеудің статистикалық әдістері 1 |
|
28 |
Қаржыға кіріспе 1 |
|
29 |
Маркетингті басқару 2 |
|
30 |
Нарықты зерттеудің статистикалық әдістері 2 |
|
31 |
Қаржыға кіріспе 2 |
{/spoilers}
{spoiler=6B04105 Маркетинг}
B047 Маркетинг және жарнама
Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 110
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға «Маркетинг» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- Маркетолог
- Бренд-менеджер
- PR- менеджер
- Жарнама бойынша Менеджер
- Product менеджер
- Қоғаммен байланысты дамыту жөніндегі Менеджер
- Контент-менеджер
- Сандық жүйеге көшіру бойынша Бренд менеджер
- Сандық маркетолог
- Ғаламтор-маркетинг бойынша Координатор
- Креативті менеджер
- Өнім бойынша Менеджер
- Маркетингтік продюсер
- Әлеуметтік желілер Координаторы
- Маркетинг және жетілдіру бойынша маман
Кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларын талдау арқылы оның қызметін талдау, тұтынушылардың өнімге ықыластары мен оларға сұраныстарын дамытудың негізгі трендтерін анықтау, маркетингтік зерттеулер арқылы тұтынушылардың мінез-құлығын зерттеу, жаңа нарықтар мен тұтынушылар тобын ашу арқылы, тауарды алға жылжытудың әр түрлі каналдарын қолдану арқылы ұйымның маркетингтік стратегиясын әзірлеу.
Тұтынушылардың шығарылатын тауарға/қызметке сұранысын және ықыласын қалыптастыратын коммуникацияларды құру. Компания брендін дамыту мақсатында тиімді маркетингтік кампания әзірлеу. Визуальды материалдар жасау, онлайн алға жылжыту, әр түрлі маркетингтік хабарламалар мен коммуникациялар үшін контент жасау. Нарықты сегменттеу, компанияны дамытудың жалпы стратегиясы, сонымен қатар компанияның орны, стилі және брендін есепке ала отырып, маркетингтің бірыңғай стратегиясын қалыптастыру.
Оқытылатын пәндердің тізімі:
|
Микроэкономика |
|
Маркетинг негіздері |
|
Іскерлік коммуникациялар |
|
Қаржы негіздері |
|
Эконометрика |
|
Кәсіпкерлік |
|
Адам ресурстарын басқару |
|
Бәсекеге қабілеттілік экономикасы |
|
Бизнес-жоспарлау және консалтинг |
|
Маркетингтік зерттеулер |
|
Брендті басқару |
|
Маркетингті басқару |
Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.
{/spoilers}
{spoiler=6B04103 Есеп және Аудит}
В045 Аудит және салық салу
Гранттар саны 130
Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 115
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға 5В050800 - «Есеп және Аудит» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
Аудитор
Банк ісі бойынша маман
Биржалық брокер
Бухгалтер
Бухгалтерлік қызмет кеңесшісі
Бюджеттендіру және жоспарлау бойынша маман
Дью-ди́лидженс маманы
Жобалардың қаржы координаторы
Қаржы аналитигі
Қаржы қызметтерінің кеңесшісі
Кәсіби қызметтің негізгі функциялары - есеп беру және статистикалық ақпарат жинау, деректерді өңдеу және оларды басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылардың пайдалануына дайындау; ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау; шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау; салық есептілігін дайындау және салық декларацияларын толтыру; ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және аудару; бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; бухгалтерлік және заң актілерінің сәйкестігін тексеру, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсету (аудиторлық және консалтингтік қызмет). Заңнамалық және нормативтік актілерге және ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау арқылы кәсіпорынның бухгалтерлік есеп қызметін жүргізу. Кірістер мен шығыстар туралы, ақшаның қозғалысы туралы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептер толтыру, инвентаризация жүргізу, аудиторлық рәсімдер жүргізу.
Бухгалтерлік есеп және оның мазмұнын білу, шоттарды білу және екі еселенген жүйелерді білу, шоттарды жіктеу және олардың типтік жоспары, құжаттар мен жұмыс процесін білу және жүргізу. Басқару шешімдерін қабылдау және кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін есеп-қисап пен ақпаратты есепке алуды аналитикалық түрде өңдеу.
Оқытылатын пәндердің тізімі:
|
Бизнес Статистика (Excel қолдану арқылы) |
|
Менеджмент негіздері |
|
Бухгалтерлік есеп негіздері |
|
Маркетинг негіздері |
|
Қаржы негіздері |
|
Эконометрика |
|
Корпоративтік қаржы |
|
Басқарма есебі |
|
Бизнестегі зерттеу әдістері (Excel) |
|
Бухгалтерлік Есеп I. Орта деңгей |
|
Салықтар және салық салу |
|
Аудит |
|
ХҚЕС-ке сәйкес Бухгалтерлік Есеп |
Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.
{/spoilers}
{spoiler=6B04104 Қаржы - ACBSP агенттігімен аккредиттелген }
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
Гранттар саны 287
Шекті балл 110
Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 110
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға 6B04108 - «Қаржы» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- Аудитор
- Банк ісі бойынша маман
- Биржалық брокер
- брокер
- Бухгалтер
- Бюджеттендіру және жоспарлау жөніндегі маман
- Қаржы аналитигі
- Қаржы мекемесінің маманы
- Қаржылық жоба координаторы
- Қаржылық қызметтер кеңесшісі
- Мәселелік несиелермен жұмыс жөніндегі маман
- Несиелік менеджер
- Риск менеджер
Қаржылық есептілікті және қаржылық көрсеткіштерді талдау арқылы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау; операциялық талдау, қаржылық нәтижелерге не болатынын анықтауға мүмкіндік береді, егер өндірістің көлемін өзгертсе және инвестицияларды талдауға мүмкіндік болса, бұл инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлау, айналым қаражатын жоспарлау қажеттілігін анықтау. Айналым қаражатын пайдаланудың тиімділігін есепке алу және талдау. Өндірістік қорларды сатып алуды бақылау, қаржы жоспарларын жүзеге асыру. Кірістерді, пайдаларды ұлғайту, кірістілікті және төлем қабілеттілігін арттыру үшін резервтерді іздеу. Шаруашылық субъектілеріне, банктерге және т.б. қаржы міндеттемелерін орындауды бақылау.
Оқытылатын пәндердің тізімі:
|
Менеджмент Негіздері |
|
Бухгалтерлік есепке кіріспе |
|
Қаржыға кіріспе |
|
Эконометрика |
|
Корпоративтік қаржы |
|
Инвестициялар |
|
ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп |
|
Қаржылық есептілікті талдау |
|
Қаржылық тәуекелдерді басқару |
Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.
{/spoilers}
{spoiler=6B04111 Кәсіпкерлік}
Таңдау пәндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 115
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты мен міндеттері:
Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
Бұл бағдарламаның мақсаты – заманауи бизнес-технологияларға маманданған және бизнес пен менеджментте, заманауи цифрлық технологияларда, тиімді келіссөздер жүргізуде, ынтымақтастықта, идеяларды генерациялап ұсынуда білімі мен дағдылары бар жоғары білікті кәсіпкерлер мен бизнес мамандарын дайындау.
Түлектің кәсіби сипаттамасы:
Мамандар тізімі
- Кәсіпкер
- Жоба менеджері
- Бизнес-кеңесші
- Жеке стартаптың/жобаның негізін қалаушы
- Шағын бизнес/франчайзинг негізін қалаушы
- Сатылым бойынша менеджер
- Маркетолог
Кәсіпкерлік көптеген мансаптық мүмкіндіктерді ұсынатындықтан, жұмыс мүмкіндіктері мол. Шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымды басқару, отбасылық бизнесті жүргізу немесе корпоративтік кәсіпкер ретінде инновациялар жасау, инновация енгізу немесе тұтастай алғанда жобаның жаңа саласын құру.
Оқу нәтижелері мен кілттік құзыреттер
Білім беру бағдарламасы бизнес мектептері мен бағдарламаларының беделді халықаралық аккредитациясы – ACBSP негізгі құзыреттер мен оқу нәтижелеріне жатады. Болашақта олар Кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтуге бағытталған, оқу жоспары аккредиттеу талаптарына сәйкес құрастырылған:
- Бизнес Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де кездесетін құқықтық ортаны, этикалық мәселелерді айқындау. Дәстүрлі бизнестің цифрлық трансформациясын және әртүрлі кезеңдерде, соның ішінде сауда, логистика, қаржы және смарт өндірісті қоса алғанда, заманауи цифрлық бизнес тәжірибелері мен платформаларын қолдануды бағалау.
- Жобаның экономикалық орындылығын бағалау процестерін үйрену арқылы бизнес-жоспарды әзірлеу және пішімдеу дағдыларын көрсету. Кәсіпорынның қызмет саласына сәйкес стратегияларды таңдау арқылы кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыру көздерін, соның ішінде венчурлық қаржыландыру көздерін іздеп табу.
- Маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарықты сегменттеу, мақсатты анықтау және позициялау, ұжымда тиімді маркетингтік стратегияны құру дағдыларын көрсету. Бизнес ұйымында тиімді сату стратегиясын қалыптастыру дағдыларын пайдалана отырып, өнімді жылжытуда заманауи маркетингтік коммуникация құралдарын қолдану.
- Қазіргі заманғы экономикалық проблемаларды және оларға мемлекеттік экономикалық саясаттың әсерін, үй шаруашылықтары мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін, тұтынушылық сұраныс пен ұсыныстың мінез-құлқын экономикалық модельдерді пайдалана отырып талдау. Экономикалық факторлар мен халықаралық нарықтардағы даму стратегияларын ескере отырып, халықаралық деңгейде бизнесті ұйымдастыруға баға беру.
- Мақсаттарды, қажетті ресурстарды, жоспарлауды, жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерді, шектеулерді, өнімділік критерийлерін, рөлдерді, процедуралар мен ережелерді құжаттау арқылы жобаның ауқымын анықтау және басқару.
Оқытылатын пәндердің тізімі:
|
Introduction to Accounting |
|
Introduction to Management |
|
Introduction to Entrepreneurship |
|
Introduction to Marketing |
|
Business Communications |
|
Business Statistics (Using Excel) |
|
Corporate Finance |
|
Entrepreneurship |
|
Human Resources Management |
|
Project Funding |
|
Business Planning and Consulting |
|
Digital Transformation |
|
Business Law |
|
Digital Entrepreneurship |
|
Sales Management |
|
Digital Marketing |
Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.
87273574242 (352,358,359)
{/spoilers}
{spoiler=6В04112 Бизнес аналитика жəне жасанды интеллект}
Таңдау пəндері: География – Математика
Грантқа шекті балл: 115
Ақылы негізде шекті балл: 50
2025 жылғы грантқа минималды балл: 126
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын
Мақсаты
Бағдарламаның мақсаты жасанды интеллект пен бизнес-аналитика құралдарын қолдануға баса назар аудара отырып, бизнес-міндеттерді шешу үшін озық аналитикалық әдістерді қолдануға қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Негізгі бизнес пәндеріне (бухгалтерлік есеп, қаржы, менеджмент, маркетинг) қосымша бағдарлама бойынша мамандандырылған курстар тізімі
|
№ |
Пән атауы |
|
1 |
Бизнес аналитикаға арналған Python |
|
2 |
Бизнес Статистика |
|
3 |
Машиналық оқытуға практикалық кіріспе |
|
4 |
Эконометрика |
|
5 |
Этика және жасанды интеллект |
|
6 |
Бизнестегі жасанды интеллект негіздері |
|
7 |
Бизнес аналитика |
|
8 |
Power BI-де деректерді талдау және визуализациялау |
|
9 |
Бизнестегі болжамдық аналитика |
|
10 |
Адам ресурстарын басқарудағы AI |
|
11 |
Тұрақты бизнес тәжірибелеріне арналған жасанды интеллект |
|
12 |
Бизнес-жоспарлау және консалтинг |
|
13 |
Қаржыдағы AI және машиналық оқыту |
|
14 |
Маркетингтегі AI |
|
15 |
Деректерді талдау және экономикалық болжау |
|
16 |
Бухгалтерлік есеп пен қаржыдағы ақпараттық жүйелер |
|
17 |
Power Point бағдарламасында деректерді визуализациялау |
|
18 |
Машиналық оқытумен инвестицияларды басқару |
|
19 |
Корпоративтік технологиялық дамуды бизнес-реттеудің негіздері |
|
20 |
Технологияларды басқару |
|
21 |
Жобаларды басқарудағы ЖИ құралдарымен танысу |
|
22 |
Маркетинг аналитикасы |
|
23 |
Сандық маркетинг |
|
24 |
SAP ERP адам капиталын басқару |
|
25 |
Сандық трансформация |
|
26 |
Цифрлық кәсіпкерлік |
|
27 |
AI Және Ұсынылатын Жүйелер |
|
28 |
Әлеуметтік медиа аналитикасы |
{/spoilers}
{spoiler=6В04113 Бизнес басқару (Рединг университетімен қос диплом бағдарламасы) }
Мамандығы: Бизнес және менеджмент
ҚБТУ мен Henley Business School (University of Reading, Ұлыбритания) арасындағы қос диплом бағдарламасы студенттерге халықаралық деңгейдегі сапалы білім алып, жаһандық бизнес-ортада табысты мансап құруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама бизнес және менеджмент саласында терең теориялық білім алып қана қоймай, бүкіл әлемдегі жұмыс берушілер жоғары бағалайтын халықаралық оқу тәжірибесін иеленуді мақсат ететін өршіл әрі мақсаткер студенттерге арналған.
2+2 форматындағы халықаралық білім
Студенттер алғашқы екі жылды Алматыдағы ҚБТУ-да оқиды, кейін тағы екі жыл оқуын Ұлыбританиядағы University of Reading құрамына кіретін Еуропаның жетекші бизнес мектептерінің бірі — Henley Business School-де жалғастырады.
Алматыда 2 жыл + Ұлыбританияда 2 жыл = халықаралық үлгідегі 2 диплом
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер:
• ҚБТУ дипломын;
• University of Reading (Ұлыбритания) дипломын алады.
Бағдарлама туралы толық ақпарат: https://info.kbtu.kz/reading_kbtu
Неліктен осы бағдарламаны таңдау керек?
Әлемдік деңгейдегі білім
Студенттер халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес білім алып, бүкіл әлемде мойындалған беделді британдық университеттің дипломын иеленеді.
Henley Business School-де оқу
Henley Business School бизнес-білім берудің жоғары сапасымен, жұмыс берушілермен тығыз байланысымен және тәжірибеге бағытталған бағдарламаларымен танымал. Business and Management бағыты бойынша The Daily Mail University Guide 2026 рейтингіне сәйкес Ұлыбританияда 1-орында, ал түлектердің мансаптық мүмкіндіктері бойынша 9-орында.
Ұлыбританиядағы мансаптық мүмкіндіктер
Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер екі жылдық Graduate Visa алуға өтініш бере алады. Бұл виза Ұлыбританияда жұмыс істеуге немесе жұмыс іздеуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіз әрі заманауи кампус
Студенттер Ұлыбританиядағы ең жайлы әрі қауіпсіз университет кампустарының бірінде білім алады. Кампуста дамыған инфрақұрылым, тәулік бойы күзет және халықаралық студенттерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Кампус Лондон қаласының орталығынан пойызбен небәрі 20 минуттық жерде орналасқан.
Ағылшын тіліндегі толық оқу ортасы
Барлық төрт жыл бойы оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл студенттердің кәсіби бизнес терминологиясын еркін меңгеруіне және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Халықаралық орта
Оқу барысында студенттер түрлі елдерден келген курстастарымен бірлескен жобалар орындап, кәсіби байланыстарын кеңейтеді және бизнесті жаһандық деңгейде түсінуді қалыптастырады.
Болашақ көшбасшылар мен кәсіпкерлер үшін
«Бизнес және менеджмент» бағдарламасы халықаралық компанияларда табысты еңбек ете алатын, өз жобаларын жүзеге асыратын және жаһандық экономиканың қарқынды өзгерістеріне бейімделе отырып стратегиялық шешім қабылдайтын жаңа буын басшылар мен кәсіпкерлерді даярлауға бағытталған.
Халықаралық мансапқа апарар жолды бүгіннен бастаңыз — екі диплом, халықаралық тәжірибе және бүкіл әлемде жаңа мүмкіндіктер ашатын білім алыңыз.
Оқу құны
• ҚБТУ-дағы оқу ақысы — жылына 3 млн теңге (жарияланған кездегі құны). Тек 1 және 2-курс үшін төленеді.
• University of Reading оқу ақысы — жылына £26,850 (2027/2028 оқу жылының бағасы). Қос диплом бағдарламасының студенттеріне берілетін жеңілдік нәтижесінде оқу құны £22,823 (қазіргі бағам бойынша шамамен жылына 15 млн теңге) болады. Тек 3 және 4-курс үшін төленеді.
Ұлыбританиядағы тұру
• Университет жатақханасының құны таңдалған жатақханаға байланысты аптасына £166-дан £365-ке дейін (қазіргі бағам бойынша айына шамамен 500 000 теңгеден бастап). Сонымен қатар студенттер қаладан бөлме немесе пәтер жалдауды таңдай алады.
• University of Reading жатақханаларының түрлері мен бағалары туралы ақпаратты университеттің ресми сайтынан көруге болады: https://www.reading.ac.uk/ready-to-study/accommodation
• Әдетте бір блокта ортақ ас үйі мен санитарлық торабы бар 6–10 жеке бөлме орналасады. Отбасыларға арналған студиялар да қарастырылған. Жатақхана туралы бейнематериалдар университет сайтында қолжетімді.
• Бірінші курс студенттері мен қос диплом бағдарламасының қатысушылары жатақханаға орналасу кезінде басымдыққа ие болады және өздеріне ыңғайлы тұрғын үйді таңдай алады. Ең бастысы — өтінішті уақытылы тапсыру.
{/spoilers}
{spoiler=Rennes School of Business серіктестігі }
КБТУ Rennes School of Business (Франция) университетімен стратегиялық келісім жасады
Қазақ-Британ Техникалық Университеті (КБТУ) Еуропаның жетекші бизнес мектептерінің бірі Rennes School of Business (RSB)-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Мектеп AACSB, EQUIS және AMBA аккредитацияларына ие.
КБТУ студенттеріне мүмкіндіктер:
- 4+1 бағдарламасы: КБТУ-да бакалавриат + RSB-де магистратура бар болғаны 1 жылда.
- 13 магистрлік бағдарламаға қолжетімділік: Digital Marketing, Data Analytics, International Finance, Cybersecurity және т.б.
- КБТУ студенттері мен түлектеріне жеңілдіктер.
- Жазғы бағдарламалар және халықаралық тағылымдамалар.
RSB әлемнің үздік бизнес мектептерінің қатарында, 100-ден астам елден келген студенттерді біріктіріп, жаһандық білім беру ортасын ұсынады.
Бұл – халықаралық білім мен мансаптық мүмкіндіктерге жол ашады!
{/spoilers}