Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

 

2023 жылғы 12-13 сәуірде ҚБТУ-да Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебі (ЭжМГИМ) «Мұнай-газ саласындағы заманауи даму трендтері және энергетикалық ауысу» тақырыбында халықаралық жастар ғылыми-тәжірибелік конференциясын (бұдан әрі – Конференция) өткізеді.

  Конференцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері ғылыми мәселелер мен перспективаларды талқылау үшін үнқатысу алаңын құру, жас мамандардың ғылыми және зияткерлік біліктілігін арттыру, зерттеушілер мен саланың кәсіби мамандары арасында байланыс орнату болып табылады.

Конференцияның ресми тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Конференция жұмысы оффлайн/онлайн форматта өтеді.

Баяндама тезистері 2023 жылғы 05 сәуірге дейін қабылданады. Конференция материалдары университет сайтындағы электронды жинақта жарияланады.  

Барлық сұрақтар бойынша Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына хабарласыңыздар.