ҚБТУ ректоры Габдуллин Маратбек Тулебергенович «ҚБТУ» АҚ қызметкерлеріне TUV Rheinland Academy «IT Security Officer – ISO 27000» сертификаттарын табыс етті.
Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікті бағалау және P-D-C-A процесінің тәсілі мен тәуекелдерді басқаруды қолдану арқылы ҚБТУ бизнес-процестердің тиімділігін және қауіпсіздік қатерлерінің алдын алуды одан әрі қамтамасыз ете алады. Біздің сертификатталған мамандар өз білімдерімен бөлісуге және қызметкерлер арасында тренингтер өткізуге, шешім қабылдау саласындағы хабардарлықты арттыруға және ақпараттық қауіпсіздік бойынша арнайы шараларды әзірлеуге дайын.
ҚБТУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ "IT SECURITY OFFICER - ISO 27000" СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛДЫ
