«Robotek Grand Tournament» чемпионатында ҚБТУ гранты Абай облысынан Мирас Слямғазыға табысталды

«Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша халықаралық чемпионатында Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты жарыс жүлдегерлерінің бірі – Абай облысы Үржар ауданынан келген Мирас Слямғазыға табысталды.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орнының ақпараттық технологиялар және инженерия Мектебінде оқу – чемпионаттың әрбір қатысушысының, оның ішінде біздің шетелдік достарымыздың арманы, – деп мойындады Мирас.

Ақпараттық технологиялар және инженерия Мектебі деканының орынбасары Әділ Мұхамедғали ҚБТУ ең жоғары әлемдік стандарттар бойынша отандық IT-кадрларды құру бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты Астанада үшінші рет түркітілдес елдердің үздік робототехниктерін жинады.