ҚБТУ қаладағы 485 ағаш отырғызу жобасын аяқтады

30 Сәуірде ҚБТУ университеті бір жыл бойы жүргізілген ағаш отырғызу шарасын аяқтады. Ағаштар Төле би бойымен университет ғимаратының айналасына және "Таза Қазақстан" жәрмеңкесі бойынша ҚБТУ жатақханасының айналасына отырғызылды.

Қазақстан-Британ техникалық университеті тұрақты негізде Алматы қаласының қоғамдық өміріне белсенді қатыса отырып, экологиялық және қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді. Жасыл желектерге күтім жасау университеттің басты міндеттерінің бірі. Университетте "жасыл кеңсе" жұмысы жүргізіледі, онда экологиялық тазалықты арттыру үшін технологиялық шешімдер әзірленуде.

"Жасыл аймақ" апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақтар мен скверлер қайта қалпына келтірілді.