Бүгін ҚБТУ-да Петр Смоленцевтің қонақ дәрісі өтті. Петр Смоленцев-ТМД елдеріндегі KUKA өкілдігінің коммерциялық директоры. Қонақ дәрісінің тақырыбы «Өнеркәсіптік роботтар адамды алмастыра ма?».
Студенттер робототехника саласындағы сарапшыны тыңдауға жиналды. Робототехника саласындағы соңғы жаңащылдық жарияланып, кәсіпорындардағы роботтардың қауіп-қатеріне қатысты мифтер жойылды.