11-15 шілдеде ҚБТУ делегациясы Эразмус+ бірлескен жобасы аясында Португалиядағы Коимбра политехникалық институтында болды. Алдағы оқу жылында ҚБТУ магистранттарының шығыс ұтқырлығы және докторанттарға серіктес университет профессорының ғылыми жетекшілігі күтілуде.
Делегация серіктес университеттің интернационалдандыру процесімен және зертханалық базасымен танысты. Сапар барысында академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар мен проффесорлар-оқытушылар құрамымен дәріс беру үшін алмасу бойынша одан әрі даму мүмкіндіктері тек инженерлік факультетімен ғана емес, Коимбра политехникалық институтының бизнес мектебімен де талқыланды.