«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.
Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын алуға кім үміткер бола алады?
Білім беру грантын алуға үміткерлер:
- ЖЖОКБҰ-да (оқу орындарының тізбесі Қордың сайтында жарияланған) күндізгі оқу бөлімінде бакалавриат бағдарламалары бойынша конкурстық негізде білім алуға үміткер түлектер.
Бұл ретте Қор ЖЖОКБҰ-ға өтінімдер қабылдауды және конкурс өткізуді жүзеге асыру құқығын қалдырады (Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес).
- Қатысушыларды іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуын жалғастыру үшін ЖЖОКБҰ студенттері. Қордың грантына (шәкіртақымен) үміткер студенттерді іріктеуді:
- «Taiburyl» Қоғамдық бірлестігі жүргізеді,
- «КАЗГЮУ Эндаумент» корпоративтік қоры КАЗГЮУ студенттерін іріктеу үшін жүргізеді
Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу критерийлері қандай?
1) ЖЖОКБҰ комиссиясы арқылы өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін Бағдарламаның қатысушылар іріктеу критерийлері:
ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажет өту баллын жинаған түлектер:
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
2) ЖЖОКБҰ студенттерінің арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша Қордың гранты мен шәкіртақысына үміткер Бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері:
- мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
- жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
- ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
- толық емес отбасыдан, 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
- ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.
Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ң грантын және шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтында 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында онлайн-өтінім бере алады.
Білім беру гранттарын алу үшін конкурсқа қатысу үшін түлектер ЖОО-рдың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды тапсырады:
|
Құжаттар |
1 |
Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
2 |
Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
3 |
Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды) |
4 |
ҰБТ сертификатының көшірмесі (ағымдағы жылдың кез келген сертификаты) |
5 |
Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы: - мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар; - жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар; ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; - ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; |
6 |
Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі |
7 |
Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама |
8 |
АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО) |
9 |
Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса) |
10 |
Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда) |
Ақылы бөлімдерде оқитын студенттер үшін құжаттардың тізбесі:
п/н |
Документы
|
1 |
Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі |
2 |
Ата-анасының/заңды қамқоршылардың жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі |
3 |
Орта мектепті бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі / колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерден шыққанын растайды) |
4 |
Төменде көрсетілген санаттардың бірінің (немесе бірнешесінің) құжаттамалық растауы: - мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар; - жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар; ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; - ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; - толық емес отбасыдан 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыдан шыққан студенттер; - ата-аналары/ата-анасының біреуі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер
|
5 |
Егер үміткер жетім немесе балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, ата-анасының қайтыс болуы туралы анықтама немесе балалар үйінің анықтамасы талап етіледі |
6 |
АӘК (АСП) алушының мәртебесі туралы ақпарат (алатын орны-ҚР ХҚКО)
|
7 |
Үміткердің/не ата-анасының/Кәмелетке толғанға дейін туған аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) мүгедектігін растау туралы анықтама (ХҚО алу орны) |
8 |
Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт) (алған орны-деканат) |
9 |
Үміткердің ата-анасының соңғы жарты жылдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама |
10 |
Үміткердің балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса)
|
11 |
Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуды және жеңісті растайтын сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері (бар болса) |
12 |
Мәдениет және спорт саласындағы республикалық турнирлерде жүлделі орындар алғандығын куәландыратын сертификаттар/дипломдар көшірмелері (болған жағдайда) |
13 |
Мотивациялық хат: - өзіңіз және отбасыңыз туралы ақпарат; қызығушылықтарыңыз бен қызығушылықтарыңыз, жетістіктеріңіз туралы; - оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат; - білім алу үшін осы мамандықты таңдау себебі туралы ақпарат
|