Білім беру гранттарының конкурсы 2015 жылдан бастап жоғары оқу орындарына түсушілер мен оқушылар арасында жыл сайын өткізіледі.
Бұл біздің студенттер мен біздің университетке түсушілер үшін керемет мүмкіндік.

☑Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2022 жылғы 15 шілдеден 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Электрондық өтінімді grant.kazenergy.com сайтында жоғарыда көрсетілген мерзімде толтыру қажет.

Кандидаттардың құжаттарын қарау - құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

ҚР жоғары оқу орындарына түсетін және оқитын кандидаттар үшін конкурсқа қатысу шарттары:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтығы.
2) оқу орнына шартсыз қабылдау немесе оқыту (білім алушыда қаржылық берешек болмау қажет).
3) үлгерімнің мынадай көрсеткіштерге сәйкестігі:
- ҰБТ/КТ сертификаты 80 балл және одан жоғары;
- диплом бойынша үміткердің оқу үлгерімінің орташа баллы бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен адамдар үшін кемінде 4,0 (5,0-ден) ;
- Бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В) ;
- GPA бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарында оқуды аяқтаған үміткерлер үшін кемінде 3,33 (В+);
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық курстарында оқитын кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+).

Электрондық өтінім берудің барлық мәселелері бойынша төменде көрсетілген телефон арқылы немесе электронды поштаға жазуға болады:
 +7 7172-79-49-75, 8 (708) 210 32 42
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.