Құрметті студенттер!
Білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес, студент әр семестрде студенттік жарнаны (Student fee) оқудың барлық мерзімі аралығында, Университетте және одан тыс жерлерде студенттік іс-шараларды және басқа да студенттік бастамаларды өткізуге бағытталған, Университетінің Кеңесі шешіммен белгіленген мөлшерде төлеуге міндеттеледі.
Әлеуметтік мәртебесін растаған тұлғалар студенттік жарнаны (Student fee) төлеуден босатылады.
Біз, әлеуметтік мәртебесі бар студенттерден, 4 шілдеден 22 шілдеге дейінгі кезеңде әлеуметтік мәртебесі туралы ақпаратты wsp.kbtu.kz "Басқа құжаттар" - ішкі модул "Әлеуметтік санат" жүйесінде жаңартуын және растаушы құжаттарды тіркеуін сұраймыз, төмендегі кестені қараңыз).
Бұл ақпарат қажет:
- Студенттік жарнадан босату үшін;
- Uninet деректер қорын жаңарту үшін;
- ДМиС -ке орналасу үшін (күзгі семестрде тұруға өтініш берген жағдайда).
№ |
Әлеуметтік санат
|
Растайтын құжат
|
1. |
Ата-ана қамқорлығынсыз |
- студенттің жеке куәлігінің көшірмесі; - екеуінің немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің немесе ата-анасының жоқтығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі (соттың ата-ана құқығынан айыру, шектеу туралы, бейхабар кеткен деп тану, қайтыс болды деп тану, әрекетке қабілетсіз (шектеулі қабілеттілік) деп тану туралы); - жетім балалар мен балаларға арналған мекемеде болуы фактісін растайтын анықтама; - бар болған жағдайда: баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі.
|
2. |
Жетім |
|
3. |
Қамқоршылықтағы жетім бала |
|
4. |
Мүгедек балалар |
- студенттің жеке куәлігінің көшірмесі; - мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптама). Ата-анасы/ата-анасының екеуі де мүгедек болса, мүгедектік туралы анықтама нотариалды куәландырылған болуы керек. |
5. |
Балалық шақтан бері мүгедек |
|
6. |
1/2 топтағы мүгедек |
|
7. |
Есту қабілеті нашар мүгедек көру қабілеті нашар мүгедек |
|
8. |
Ата-анасы мүгедек |
|
9. |
Көп балалы отбасы (4 немесе одан да көп бала) |
– egov.kz порталынан немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан отбасы құрамы туралы анықтама; - ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері.
|
10. |
Отбасында 1 асыраушы |
– оқушы мен ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі; - некені бұзу туралы куәлік/қайтыс болу туралы куәлік/хабар-ошарсыз кеткен адамның анықтамасы; - кемінде соңғы 6 айдағы табысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; - ата-анасы жұмыс істемесе - жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
|
11. |
Толық емес отбасы |
|
12. |
Ата-анасы зейнеткер |
– оқушы мен ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі; - ата-анасының зейнетақы куәлігі.
|
13. |
Ұлты қазақтар, резидент еместер (қандасы) |
– қандастардың куәлігі
|