2022 жылғы 15 сәуірде ҚБТУ-да 3-3, 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған ҚБТУ түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
2018 жылы жоо-лардың академиялық және басқарушылық дербестігі шеңберінде ҚБТУ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектебі, БІЛІМ-инновация лицейі сияқты Қазақстанның жетекші мектептерімен ынтымақтастық туралы жариялаған және фокустық мектептер түлектеріне оқу траекториясын қысқартуға және 3-3, 5 жылдан кейін бакалавр дипломын алуға мүмкіндік берген еліміздегі алғашқы университет болды.
Жыл сайын осы бағдарлама бойынша ҚБТУ-ға еліміздің жетекші мектептерін бітірген 500-ден астам оқушы оқуға түседі. 2022 жылдың қысында фокустық мектептерден келген 142 студент сәуір айында оқуын сәтті аяқтап, диплом алды.
Диплом тапсыру рәсімінде ҚБТУ-дың Атырау қаласындағы "APEC PetroTechnic" жоғары колледжімен ынтымақтастығы аясында бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алған студенттер де диплом алды. Бұл бағдарлама 2018 жылы іске қосылды, оған сәйкес еліміздің ең мықты техникалық колледждерінің бірі "APEC PetroTechnic" түлектері жеделдетілген форматта оқып, университетті 2,5 жыл ішінде бітірді. Университет үшін "Мұнай-газ ісі", "Жобаларды басқару", "Оффшорлық инженерия және теңіз тасымалы" бағыттары бойынша магистратура бағдарламаларының түлектері және әрине, осы айтулы күні дипломдармен марапатталған MBA бағдарламалары үлкен мақтанышымыз болып табылады.
ҚБТУ ректоры (Басқарма Төрағасы) Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы университет тарихындағы айтулы күнмен түлектерді, ата-аналарды және барша жиынға қатысушыларды құттықтады.
Түлектерді ҚБТУ-дың бұрынғы ректоры, "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры Ибрашев Кенжебек Ниязұлы құттықтап, аталған шығарылымның ерекше маңыздылығын атап өтті.
Университеттің даңқты дәстүрлерін сақтай отырып, марапаттау рәсіміне "KBTU Alumni" қауымдастығының мүшелері қатысты. Өткен жылдардың түлектері сахнада дипломдарын өз қолымен табыстады, ал шетелде жұмыс істейтін түлектер өздерінің бейнеқұттықтауларын туған Alma Mater-дің жас буынына жолдады.
Біз түлектерімізді құттықтаймыз, барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!