Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Маратбек Ғабдуллин және профессоры Чокан Лаумулин Баку Жоғары Мұнай мектебінің (БЖММ) ректоры Эльмар Гасымовпен кездесті.
Кездесуге Баку мұнай Жоғары Мектебінің оқытушылары және екі университет арасындағы ынтымақтастық шеңберінде білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты нығайтудың жаңа жолдарын талқылап, бірқатар мәселелерді қарастырды.
БЖММ ректорына қонақжайлылығы үшін алғыс білдіре отырып, Маратбек Габдуллин БЖММ кампусына барғанын және университетте студенттерді сапалы оқыту үшін үлгілі жағдайлар жасалған деп есептейтінін айтты. Ол БЖММ-ны 10 жылдығымен құттықтап, университетке табыс тіледі.
ҚБТУ мен БЖММ арасындағы ынтымақтастық 2018 жылы ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде басталды. Осы ынтымақтастық шеңберінде ҚБТУ-дың 3 студенті 2019/2020 оқу жылының күзгі семестрінде бакалавриат бағдарламасы бойынша БЖММ мұнай инженериясы кафедрасында және 2019/2020 оқу жылының көктемгі семестрінде ҚБТУ-дың 1 студенті білім алды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту нәтижесінде 2021/2022 оқу жылының көктемгі семестрінде БЖММ мұнай инженериясы кафедрасында ҚБТУ-дың тағы 11 студенті білім алуда.