Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетінің деканы Исмаилов Абдулахат Абдукаримович Қазақстан Республикасының Жер қойнауының құрметті барлаушысы атағымен құттықтаймыз!
Марапаттау 2022 жылғы 1 сәуірде «Южказнедра» ОД, департамент қызметкерлері мен геология саласы ардагерлерінің қатысуымен геолог күніне арналған салтанатты жиналыста өтті. Кездесуде геологтарды кәсіби мерекелерімен «Южказнедра» ОД басшысы Абдыгалимов А. құттықтады. Жиналғандар алдында ол минералдық ресурстар Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратынын және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін негізінен қамтамасыз ететінін атап өтті. Шикізатты тұтыну мен өндірудің қарқынды өсуі жағдайында геологияны дамыту және жаңғырту мәселелерінің өзектілігі де арта түседі.