Signal Telecom Ltd компаниясы Қазақстан-Британ техникалық университетінің барлық курстарының студенттеріне тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік беруге дайын.

"Signal Telecom" ЖШС байланыс операторы (Internet, телевидение, телефония) болып табылады. Компания сондай-ақ жүйелік интеграция бойынша қызметтер көрсетеді және Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы қазіргі заманғы әлемдік телекоммуникациялық жабдықтарды жеткізуші болып табылады.

Signal Telecom Ltd компаниясының директоры Дияр Ізбасаров EMBA бағдарламасы бойынша ҚБТУ түлегі болып табылады және өзінің альма-матері студенттеріне арналған тағылымдама бағдарламасын ұйымдастырады: «Біз қарқынды дамып келе жатқан телеком компаниясының бір бөлігі болуға дайын прогрессивті және мақсатқа ұмтылған адамдарды іздейміз».

 

Критерийлер:

· Іріктеу ҚБТУ-дың барлық курс студенттері арасында жүргізіледі

· GPA көрсеткіші кемінде 2.0

· Тағылымдамаға өтінім қалдыру

· Әңгімелесуден өту

 

Қажетті дағдылар:

· Үздіксіз дамуға ұмтылу

· Жоғары амбициялар

· Адамдармен тез тіл табыса алу

· Жаңа дағдыларды тез үйрену қабілеті

· Еңбекқорлық және жұмысқа қабілеттілік

 

Тағылымдама шарттары:

· Икемді кесте / оқыту

· Бір ай сынақ мерзімі

· Ақылы тағылымдамада жұмыс істеу мүмкіндігі

· Қарқынды дамып келе жатқан компаниядағы баға жетпес тәжірибе

 

Өтінімдер 29.03.2022 ж. бастап мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/8q86zvDeKeNiT1YSA

Сондай-ақ, сіз менеджер Нұрқанатқа WhatsApp-қа жаза аласыз: +7 707 244 59 99