2022 жылғы 10 наурызда біздің университетте алғаш рет TEDxKBTU, өз бетінше ұйымдастырылған TED іс-шарасы сәтті өтті.

TEDx конференциялары TED-тің негізгі іс-шарасына еншілес болып табылады және "таратуға лайықты идеялар" миссиясының рухында өтеді. Спикерлер әркім білуі тиіс әлемді өзгертетін идеялармен бөліседі. TEDx жергілікті қауымдастықтармен, қалалармен және ірі ұйымдармен ұйымдастырылады, ал бұл жолы конференция ҚБТУ-да ұйымдастырылды.

 

Қатысушыларды ректордың м.а., Басқарма Төрағасы Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы қарсы алды, ол TED – спикерлер үшін ең маңызды және мәртебелі алаң екенін еске салып, барлық қатысушыларға, спикерлер мен іс-шараны ұйымдастырушыларға (KBTU Student Excellence) алғысын білдірді.

Конференция шеңберінде 7 спикер сөз сөйледі, олар Self-Development және мотивацияға байланысты мәселелердің кең кешенін жария етті. Жас, жігерлі, табысты спикерлер өздерінің өмірлік жағдайлары, сәтсіздіктері, әрі қарай жүруге және табысқа жетуге көмектескен тәжірибелері туралы айтып берді.

Аталған спикерлердің ішінде бірінші болып Дәмелі Свит сөз сөйледі (қазақстандық fashion-блогер, инфлюенсер, msq.woman, adika _perfume амбассадоры). Ол «Табысқа жету жолындағы сәтсіздіктер» туралы баяндады және бүгінгі күні өмірдің әр саласындағы брендтің рөлі туралы ой қозғады.

 

Акбар мен Абылайханның сөз сөйлеу тақырыбы өмір бойы жасауға қорқатын күрделі шешімдер мәселесі болды. "Қай жерде қорқыныш болса, сол жерге ұмтыл" деп барша қатысушыларды шабыттандырды.

Келесі спикер Олжас Нұрбаев (режиссер, актер, ҚБТУ-дың "Экономика" мамандығы бойынша түлегі (2013), New York Film Academy (Los Angeles) "Кино және медиа режиссурасы" мамандығы бойынша магистранты (2016-2017 жж.) "Әр істің салдары туралы қорықпай, өмірде қалай үлкен шешім қабылдауға болады?». Ол өзінің кәсіби жолы туралы, өзін-өзі тану және өзін-өзі іздеу қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты. Оның пікірінше, "Ешнәрсе жасамайтын адам ғана қателік жасамайды. Өзімізді мінсіз етпеуге мүмкіндік бере отырып, біз әлемге кеңірек қарауға және онда жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік аламыз". Олжас ҚБТУ-да алған білім оның әрі қарай кәсіби және тұлғалық дамуының берік іргетасына айналғанын, ҚБТУ ең алдымен тәртіп пен еңбекті, сындарлы ойлауды, бірнеше істі қатар алып жүруге, жұмысты құрылымдауды үйрететінін атап өтті.

 

"Гендерлік теңдікті тәрбиелеу" тақырыбын "РЕСМАН" мұнай компаниясының маркетинг және коммуникациялар жөніндегі жаһандық директоры, норвегиялық спорттық практикалық ату командасының мүшесі, кунг фудан қара белдікке үміткер, KBTU Women Empowerment ұйымының негізін қалаушы, KBTU Alumni Association вице – президенті Әсел Исина ашты. Ол бала кезіндегі естеліктермен  бөлісті. "Балалар отбасында көрінетін мінез-құлыққа еліктейді және оған сенеді. Егер сіз өз серігіңізді құрметтейтін болсаңыз, онымен үй шаруасын бөлісетін болсаңыз, Сізге немесе жұбайыңызға қатысты өзгелердің қорлауына төзбейтін болсаңыз, бала гендерлік стереотиптерге азырақ бейім болады" - деп түйіндеді Әсел.

 

TedxKBTU-да Мастура Абдуллоева "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалай жеңуге және бақытты болуға болады?» тақырыбында сөз сөйледі. Мастура 20 жаста. Ол Тәжікстаннан (Душанбе). Ағылшын тілінен 16 жасында, робототехника мен бағдарламалаудан 18 жасында сабақ бере бастады. Ted Education шешендік өнер мектебін бітірген, College Preparatory Club 2020 гранттық жобасының және Тәжікстандағы БҰҰ бағдарламалық Кеңсесінің Network by Consensus жастар желісінің түлегі, "Right and Dignity Cup 2020" қоғамдық жобасының турнир жеңімпазы, ҚБТУ дебат клубының вице-президенті, American Space Dushanbe дебат клубының экс-президенті.

 

Спикер Арсен Бөлеков ҚБТУ-дың үздік түлектерінің бірі болып табылады (2009-2013, ФЭНГИ факультеті), Шлюмберж мұнай сервистік компаниясында Венесуэла, БАӘ, Франция, Ресей, Күрдістан және Катар сияқты елдерде жұмыс істеді. 25 жасында Сәтбаев университетінде деканның ең жас орынбасары болды.Ұлыбританиядағы Ковентри университетінде спорттық менеджмент бойынша әлемдегі ең жақсы магистрлік бағдарламалардың бірін үздік бітірді. Қазір Алматы Менеджмент Университеті жанындағы спорт менеджменті орталығының директоры. Арсен өзінің ҚБТУ-дағы студенттік өмірі, сүйікті оқытушылары туралы жылы лебіздерімен бөлісті.

 

Іс-шара соңында спикерлерге ректордың алғыс хаттары табыс етілді.