2022 жылдың 25 ақпанында ҚБТУ Ректоры мен Студенттік Үкіметінің кезекті кездесуі өтті.

 

Кездесу KBTU Alumni және KBTU Endowment Fund стипендиялары, Мәулен Борашев атындағы атаулы стипендия, сондай - ақ Денис Тен атындағы стипендия конкурстарының жеңімпаздарына сертификаттарды салтанатты турде тапсырудан басталды. Айтылып кеткен стипендиялар ҚБТУ түлектерінің демеушілігімен бірнеше жыл бойы өткізілуде.

 

Кездесу барысында Сенатқа (факультет Президенттерінің студенттік корпусы) сайлау қорытындылары ресми түрде айтылды. Жаңадан құрылған Президенттер өздерінің факультеттерін дамыту жоспарларын ұсынды, ал студенттік клубтар мен ұйымдардың басшылары көктемгі семестрге арналған іс-шаралар жобаларын ұсынды, сондай-ақ студенттік қоғамдастықтың негізгі мәселелерін көтерді.

 

Университет басшылығы мен студенттік үкіметінен басқа кездесуге "KBTU Alumni" қауымдастығының өкілдері мен "KBTU Endowment" корпоративтік қорының бас директоры қатысып, университет туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, жас көшбасшыларға сөз сөйлеп, олардың барлық бастамаларына табыс тіледі.