КАППА динамикалық деректерді талдау бағдарламалық жасақтамасының, сонымен қатар оқыту және кеңес беру қызметтерінің жетекші жеткізушісі болып табылады. Талдауға арналған деректер кез-келген масштабта болуы мүмкін: ҰГДЗ-де (жоғары ажыратымдылық және жазу жиілігі), өндіруді талдауда (ажыратымдылығы мен жазу жиілігі төмен), кен орнының моделін бейімдеу және Кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер (КГЗ) интерпретациясы және пласт сынаушының деректері арқылы профиль бойынша ұңғыманы сипаттау үшін.
"ҚБТУ" АҚ мен "KAPPA" компаниясы арасында энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетіне өтеусіз негізде "КАППА Workstation" бағдарламалық қамтылымына 25 білім беру лицензиясын беру туралы келісім жасалды (ұсынылған бағдарламалық қамтылым көлемі 1 000 000 евро).
Бұл өнім оқытудың барлық деңгейлерінде, атап айтқанда мынадай пәндерде кеңінен қолданылатын болады: "Ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеу", "Мұнай өндіру техникасы мен технологиясы", "Коллекторды ілгері үлгілеу", сондай-ақ магистрлік және докторлық диссертацияларды ресімдеу кезінде.