2022 жылы ҚБТУ-дың алғашқы түлектері Экономика және қаржы факультетінің (қазіргі Бизнес Мектебі) 2006 жылғы түлегі Мәулен Бурашевтің құрметіне KBTU Alumni атынан атаулы стипендия тағайындады. Стипендияға Мәуленнің курстастары - 2006 және 2007 жылғы түлектер демеушілік көрсетеді. Стипендияны Бизнес мектептің студенті Аида Болатқызы иеленді.
«Мәулен біздің университеттің үздік студенттерінің бірі болды. 2002 жылы біз университеттің алғашқы студенттік тобы болып қабылдандық. Ол ҚБТУ қабырғасында алғашқы күннен бастап студенттік өмірге белсене қатыса бастады, нәтижесінде ҚБТУ Студенттік Басқармасының Бірінші Президенті болып сайланды. Мәулен және оның командасы бүгінгі күнге дейін жұмыс істейтін студенттік басқарма қызметінің принциптерін қалады. Мәуленнің басшылығымен алғаш рет көптеген студенттік іс-шаралар өткізілді, атап айтсақ, «Студенттерді қабылдау кеші». Мәулен ҚБТУ дебат клубының негізін қалаушылардың бірі болды, әрі қарай жыл сайын университет қабырғасында БҰҰ қамқорлығымен халықаралық дебат турнирі өткізіліп тұратын. Ол орыс, қазақ, ағылшын және испан тілдерін еркін меңгерген. Сондай-ақ, Мәулен өз факультетінің футбол құрама командасының көшбасшысы болды. Өзінің ымырасыз ойынының, талпынысының және жылдамдығының арқасында, оның командасы факультеттер арасында футболдан ҚБТУ-дың алғашқы чемпионы атанды. Мәуленнің академиялық көрсеткіштері де керемет болды. Ол университетті қызыл дипломмен бітіріп, содан кейін Бристоль университетінде магистр дәрежесін алды және KPMG, Halyk Finance, Visor Capital-да жұмыс істеді. Өзінің еңбек қызметінің соңғы жылдарын Halyk Leasing компаниясында қаржы директоры ретінде және E&Y компаниясында өткізді.
Біз Мәуленді адал, ашық, талабы мол азамат әрі сенімді дос ретінде білеміз. Мәулен еліміздің лайықты азаматының үлгісін көрсетті және біз оның болашақ ұрпаққа үлгі болатынына сенім білдіреміз» - ҚБТУ-дың 2006 және 2007 жылғы түлектері.