2022 жылдың 3 ақпанында Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры (Басқарма төрағасы) м.а. Маратбек Ғабдуллин бастаған делегация екіжақты әріптестік қарым-қатынастарды орнату және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында «Ядролық физика институты» РМК-да болды.

Сапар аясында ҚБТУ делегациясы ЯФИ РМК қызметімен егжей-тегжейлі танысып, ВВР-К зерттеу реакторының ғылыми-техникалық бөлімдерінде, қатты дененің радиациялық физикасы бөлімінде және кешенді экологиялық зерттеулер орталығында болды.

Тараптар меморандумға қол қойып, ғылыми және білім беру бағдарламалары бойынша өзара іс-қимыл шеңберіндегі ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады.