Қымбатты студенттер! Біз "KBTU Alumni Association" стипендиясы конкурсының және "KBTU Endowment" корпоративтік қорының нәтижелерін қуана хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, аталған стипендияларды өздерінің alma-mater-інің дарынды студенттерін қолдауға ниет білдірген ҚБТУ-дың жомарт түлектері қаржыландырады. Стипендия төлеу ұзақтығы – 1 оқу семестрі (қаңтардан маусымға дейін). Стипендия сомасы 30 000 теңгені құрайды.
Байқауға 111 студент қатысты. Апликанттардың сапалық құрамын атап өткім келеді, барлық қатысушылардың академиялық көрсеткіштері жоғары, студенттік өмірде белгілі бір жетістіктері мен ҚБТУ-ға қосқан үлесі бар. Іріктеу мәлімделген критерийлерді қатаң сақтай отырып өткізілді.
Сонымен, жеңімпаздарды жариялаймыз:
1) Маулен Бурашевті еске алуға арналған оның сыныптастары атынан берілетін атаулы шәкіртақыны (қаржы - экономикалық факультетінің алғашқы (2006 жылғы) түлегі, қазір Бизнес мектебі) Аида Болатқызы (3-курс, БМ) иеленді.
2) Жоғары академиялық жетістіктері және студенттік өмірді дамытуға қосқан үлесі үшін тағайындалатын"Best GPA"/ "KBTU Social activity" стипендияларының иегерлері болып:
1. Ислам Айбек Пулатұлы (3 курс, ЭжМГИФ)
2. Адилова Диана Сахитжановна (2 курс, ЭжМГИФ)
3. Жакслыкова Дана Рустамовна (3 курс, ХИ ҒБО)
4. Ерболатова Гүлшат Ерболатқызы (3 курс, ЭжМГИФ)
5. Мурат Меруерт Мұратқызы (1 курс, АТФ)
6. Сіргебаева Әйгерім Қазыбайқызы (3 курс, МжК ҒББО)
7. Каиргельдинов Ахат Муратович (3 курс, ХИ ҒБО)
8. Мергалиев Ерсултан Мергалиұлы (3 курс, ХИ ҒБО)* танылды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оқуда табыс, қызықты жобалар мен жаңа белестер тілейміз!