2021 жылғы 27 желтоқсанда БҰҰДБ Қазақстан мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) жобалық командасының кездесуі өтті. Кездесу барысында ҚБТУ ректоры, Маратбек Төлебергенұлы Ғабдуллин, университет ҚР Білім беру сапасы, ОПҚ сапасы, заманауи бағдарламалар, жабдықтау және индустриямен тығыз байланыс бойынша көшбасшылардың бірі болып табылатынын атап өтті.

 

ҚБТУ сондай-ақ әртүрлі салаларда, оның ішінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары тұжырымдамасында (ТДМ) белгіленген салаларда, атап айтқанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), Жасыл экономика, жасанды интеллект, әйелдерді қолдау және басқа да бағыттар саласында жобалық қызметті жүзеге асырады. ҚБТУ ректорының м.а. университетте академиялық қызметте де, ғылыми әзірлемелерде де жобаларды іске асыру бойынша барлық әлеует бар екенін атап өтті.

 

БҰҰДБ ҚБТУ - мен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Ауғанстаннан келген әйелдерді оқыту бағдарламасын іске асыруда. Жоба аясында ҚБТУ-да TVET Finance бағдарламасы бойынша 10 ауғандық әйел білім алды. Сонымен қатар, жоба аясында 5 әйел қаржы саласындағы магистр дипломын алды. Қазіргі уақытта БҰҰДБ жобасы бойынша 2 курста 4 бакалавр, TVET Mining бағдарламасы бойынша 11 адам және қосымша білім беру курстарында 18 адам оқиды. ҚБТУ Janser HR & Academy серіктес-компаниясымен бірлесіп (https://janseracademy.com/) - жобаның қатысушылары үшін ISO саласында сертификатталған курстар өткізеді.

 

Университет БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты жалғастыруға және қатысушыларды Маркетинг мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларына қабылдауға дайын. Сонымен қатар, ҚБТУ халықаралық серіктестерінен ауған студенттері үшін қосымша курстар ұйымдастыру мүмкіндігі талқылануда, бұл оларға сертификаттар алуға және халықаралық нарықта жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

 

Жалпы, кездесуге қатысушылар БҰҰДБ-мен жаңа бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.