2021 жылдың 8 желтоқсанында Президент талантты жастарға "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын тапсырды, олардың арасында математика және кибернетика ғылыми-білім беру орталығының докторанты Машуров Фарух Аркинович ("Ғылым" бағыты бойынша) және ҚБТУ "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығының түлегі Муса Акбота Жанатовна ("Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша) бар.
30 грант иегерлеріне Президент 3 миллион теңгеден табыс етті. Жобаның негізгі мақсаты-жастардың жаңа шығармашылық идеялары мен креативті бастамаларын мемлекеттік деңгейде қолдау.
Біздің дарынды МКМ түлектерімізді мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!